Әруақтармен кездесу
Егер сізде денсаулыққа, ақшаға, тұрмысқа, жұмысқта байланысты жағдай қиын болып жатса, сұрастырып көріңіз тұқымыңызда бақсы ата-бабаңыз болды ма екен деп. Өйткені тұқымда бақсы болып, оның әруағы дәм етіп жүрсе,ісіңіздің қиын жағдайларың бәрі әруақтың риза болмағанынан.
Егер бұрын бұндай жағдайлар аз кездессе, кейінгі уақытта өте көп. Тіпті бүкіл ел масштабында. Көбінесе халқымыздың ата-бабасының әруағын ұмытып, Тәңірін ұмытып, басқаның дәстүрі мен дінін дәріптеуден басталады. Дегенмен өз тәжірбиемде байқағаным, ата-бабасының әдет-ғұрпына қайта оралушылар да көбейіп келе жатыр.
Бізге параллель дүние де біздің осы дүниеге ұқсас. Ол жақта өлген адамдардың жаны бар дүние және олар бізден бір саты жоғары.
Бақсы о дүниеге өткеннен кейін өз ұрпағы үшін күшті әруақ болады. Ондай ұрпақтың көбісіне "арқасы бар" дейді. Егер оған дәм татқызып отырсаң - ең күшті қорғау сол болады.
Дәм етіп жүрген бақсы әруағының ұрпағы негізі бәрінен қатты жапа шегеді. Ата-бабасының әруағымен тілдесу үшін оның ұрпақтары бақсыға барады.
Бақсы бірінші әруаққа дәм татқызу үшін оны шақырады, одан кейін трансқа кіріп, келген әруақ үшін өз тәнін уақытша босатады. Сол кезде әруақ ата-баба ұрпақтарымен сөйлесіп, не істеу керек екенін айтады. Әруақ кеткеннен кейін, өз тәніне оралған бақсының не болғаны есінде түк қалмайды…
Өлімнен кейін жан ешқайда жоғалмайды, ауаға сіңбейді, суға батпайды. Ортақ жұмақ та тозақ та жоқ баратын. Әр жанның өз тозағы мен жұмағы бар. Жан бұл өмірге қайта келіп, кармасын түзеуге мүмкіншілік алады. Карма - әрекетке қарсы әрекет деген мағына.
Бұдан көп балалардың неліктен сал болып туылатынын түсінуге болады. Бұл оның немесе әке-шешесінің кармасы. Кездейсоқ ештеңе болмайды бұл өмірде. Бірақ бұл "Құдайдың берген сынағы" деп өтіп кетуге болмайды. Мұқтаж жандарға көмектесу сіздің кармаңыз. Мен де емшілік қасиетпен бұл өмірде туылуым кезлейсоқ емес. Бұл менің өткен өмірімнің іс-әрекеттері үшін жасалынып жатқан кармам, миссиям. Енді осы өмірімнен кейін мен бұл дүниеге қайта келмеймін. Бір саты жоғары басқа дүниеде әруақ болып, ұрпақтарыма қорғаныш болам
Comments